«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Аққайын ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа села Аккайин отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жерге мың алғыс

02.03.2018

«Тілдерді оқыту орталығы» КММ-де «Туған

елге мың алғыс» тақырыбында Елбасымыздың бағдарламалық мақаласы «Болашаққа бағдар:рухани

жаңғыру» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

атты Жолдауында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру аясында 1 наурыз –Алғыс

айту күні мерекесіне орай ашық сабақ өткізілді. Сабақты орталық оқытушысы У. Н.

Мамбетова Алғыс айту күніне орай кіріспе сөзбен бастап, ағылшын тілі оқытушысы

Г. Б. Жолдасбекова тыңдаушыларды екі топқа бөліп, ойын тапсырмаларымен таныстырды.

Ойын тапсырмалары жеті кезеңнен тұрды. Бірінші «30 секунд» кезеңінде отбасы мүшелері

жайлы сұраққа Марияш Кенжебулатова жауап беріп, Құралай Ибраева ағылшын тіліндегі

сөйлемге аударма жасап жалғастырды. «Буриме» әдісі бойынша екі топ үш сөйлемнен

құрастырып, үшінші кезеңдегі «Әзіл әлемі» айдарында тыңдаушылар оқыған әзілді қимылмен

көрсетіп екі топта ұпай санын еселей түсті. «Жарнама» А. И. Сулайманова қолөнер

бұйымдарын жарнамаласа, Марияш Кенжебулатова ұлттық сусынымыз қымыздың емдік шипалық

қасиетін жарнамалады. Дұрыс және Бұрыс кезеңіне тыңдаушылар белсенді қатысып, оқылым

кезеңінде Айнұр Сулайманова, Құралай Ибраева, Қартбаева Гүлжанат мәтінді оқып үш

тілде аудармасын жасады. Ең соңғы «Сұрақтар» кезеңінде топ капитандары

викториналық сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында тыңдаушылар Алғыс айту күні қарсаңында

жазған алғыс хаттарын оқыды. Орталық оқытушылары Г. Б. Жолдасбекова мен У.Н.

Мамбетова тыңдаушыларды құттықтап, алғыс білдірді.

Просмотров: 557


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст