Текст
Көрмеде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ондаған басылымдар қойылған. Бұл – еліміздің бас шаһарының көне Бозоқ қаласынан бастап, бүгінгі әлемнің ең әдемі астаналарының біріне дейінгі тарихын қамтитын кітаптар. Елорданың көрікті жерлеріне көптеген иллюстрациялық басылымдар арналған. Н.Назарбаевты елорданың бас сәулетшісі деп жиі атайды. Экспозицияда Елбасының өз атымен аталатын қаланың дамуындағы рөлі көрсетілген. Көрмені ұйымдастырушылар еліміздің өнердегі басты қаласы – кескіндеме, мүсін, әдебиет, сәулет өнеріндегі бейнесіне ерекше назар аударды.