"Аққайың ауылының негізгі мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуы туралы" бұйрық

 

Аққайың ауылының негізгі мектебінде 2022-2023 оқу

  жылының басталуы  туралы.

 «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14/тармақшасына және Қазақстан Республикасы оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығы негізінде және Бұланды ауданының ББ бөлімінің 22.08.2022 жылғы №276 бұйрығы негізінде 

Бұйырамын:

  1. Аққайың негізгі мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталу мерзімі 2022 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында -35 оқу аптасы,1-сыныптарында-35 оқу аптасы,2-9 –сыныптарында -36 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі күндеріне ауыстырылсын.

Оқу жылы барысындағы каникулдар:

1/ 1-9 сыныптарда: күзгі демалыс 7 күн /2022 жылғы 31 қазаннан- 06  қарашаны қоса  алғанда/, қысқы -9 күн /2022 жылғы 30 желтоқсаннан 2023 жылғы 08 қаңтарды қоса алғанда/ , көктемгі 9 күн /2023  жылғы 18 наурыздан -26 наурызды қоса алғанда;

2/ Мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші сыныптарда: қосымша демалыс күндері 7 күн 2023 жылғы 6-12 ақпанды қоса алғанда/ мерзімінде белгіленеді.

  1. 2022 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Білімге құштарлық, еңбеккорлық пен патриотизм»,  атты сынып сағаты өткізілсін.

 

Мектеп директоры:                     Е.А. Капезов

 

 

Қосымшалар: