Текст
29 қыркүйекте Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қазан айының басында мереке – Қарттар күнін тойлау жақсы дәстүрге айналған. Бұл күн лайықты, дана, құрметті, табанды және төзімді - бас әріппен жазылған адамдарға арналған. Қарттар күні – таза да жарқын мереке, ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің мерекесі. Бұл мереке қоғамды ғана емес, жақын маңда қамқорлық пен ілтипатты қажет ететін адамдардың бар екенін еске салады.
Студенттер ата-әжелерін құттықтап, өлең оқып, күй мен ән шырқады, театрландырылған көріністер көрсетті.