Алпыспаева Алина Хайдарбековна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 28.02.1990 жылы Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Уәлиханов ауылында дүниеге келген.Белоцерковка орталау мектебін бітіргеннен кейін 2007 жылы Щучье гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуға түсті. 2012 жылы оқуын аяқтап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алды. 2019 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін ПМНО мамандығы бойынша бітірді. Бастауыш сынып мұғалімінің еңбек өтілі-11 жыл. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 01.09.2021 жылдан бастап жұмыс істейді , жеке тұлғаны, таланттарды және қабілеттерді дамытуға, білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттейді, оларды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Пәннен тыс бағыттар бойынша қосымша білім беру ұйымдарына қатысады. Сынып жетекшілерінің МҰ-ға басшылық ету және бақылау. Жазғы демалыс . Түлектерді жұмысқа орналастыру.Оқушылардың әртүрлі бірлестіктерін басқарады, балалардың өзін-өзі басқаруына ықпал етеді. Оқушылардың әлеуметтік-профилактикалық қызметіне басшылық жасайды.