«Айгөлек» шағын орталығында — Республика күніне арналған тақырыптық сабақ

«Айгөлек» шағын орталығында — Республика күніне арналған тақырыптық сабақ

«Айгөлек» шағын орталығында 25 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған тақырыптық сабақ өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — балалардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және өз еліне деген мақтаныш сезімін арттыру. Сабақ барысында тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысып, Мемлекеттік Туды жан-жақты қарастырды.

Алған білімдерін бекіту мақсатында балалар «Қазақстанның Туы» тақырыбында шығармашылық жұмыс орындады. Әрбір бала өз шығармашылығы арқылы туған жеріне деген сүйіспеншілігін білдіруге мүмкіндік алды.

Біз өз еліне деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды бағалауды бала кезден қалыптастыру маңызды деп санаймыз. Бірге өсіп, Отанымызды сүюді және қадірлеуді үйренейік!