Текст
21.10.22 «Айгөлек» шағын орталығында мереке өтті.
«Егін жинау күні»
Мақсаты: Балаларда жағымды эмоционалды атмосфераны құру.
Тапсырмалар: танымдық бағыт: көкөністер мен жемістерді сыртқы түрі бойынша (пішіні, түсі, көкөністер мен жемістерді табиғи қалпында және суреттен тану, оларға атау беру) қабілеттерін бекіту;
Сөйлеу бағыты: тақырып бойынша сөздік қорын молайту;
Көркемдік-эстетикалық бағыт: ән айту және моторикасын бекіту;
Дене бағыты: ептіліктерін дамыту.
Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті, күз туралы тақпақтар айтты, ән айтты, би биледі, сайыстарға қатысты, жұмбақтар шешті.