Текст
Сабақ барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абилова А.Р балаларды қазақ халқының айтысқа байланысты салт-дәстүрлерімен таныстырды.
Айтыс – еліміздің тарихы мен мәдениетінен тамыры тереңде жатқан қазақтың бірегей өнері. Ол халық даналығын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін жеткізу құралы қызметін атқаратын халық өнерінің бір түрі. Айтыс – руханият пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін жыр, салт-дәстүр өнері
Мақсаты: Өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, есте сақтау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту.