Текст
Адам қауіпсіздігі – бүгінгі таңда өзектілігі жағынан жоғары тұрған жаһандық мәселелердің бірі. Балалардағы жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың статистикасы мектеп оқушыларын жолда өздерін қауіпсіз ұстауға үйрету мәселесімен тереңірек жұмыс істеу қажеттігін көрсетеді. Аққайың ауылының орта мектебінде балалармен және мектеп автобусының жүргізушісімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу тақырыбында уақтылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұйрықтар шығарылады және қауіпсіздік журналы жүргізіледі, оған окушылар нұсқаулықтан кейін қол қояды.