Текст
«Латын әліпбиі – болашаққа бағдар»
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Тілдерді оқыту
орталығының дәрісханасында «Латын әліпбиі – болашаққа бағдар» атты ашық диалог
алаңы өтті.
Іс-шара барысында
Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды
ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай
стандартының жобасы ұсынылғаны туралы айтылды. Елбасы латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні бар екеніне
тоқталып, бұл мәселені бірлесе шешу қажеттігін айтқаны сөзге тиек етті шараға
қатысушылар.
Латын әліпбиі тақырыбында ашық диалог
құрғандардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері, Тілдер оқыту орталығының қызметкерлері болды.