«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Аққайын ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа села Аккайин отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Цирк майталмандары аудан сахнасында

22.02.2018

Цирк майталмандары аудан

сахнасында

Ел ішінен өнерлі жандарды анықтап, көпшілікке насихаттайтын «Ақмола

жұлдыздары» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жолғы көркемөнерпаздар

байқауы арайлы Астанамыздың 20 жылдығы және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын

іске асыруға арналды. Сондықтан болар биылғы облыстық кезеңнің өтуі де өзгеше.

Әр жанр бойынша жеке-жеке аудандарда ұйымдастырылмақ. Алғашқы болып облыстық

байқаудың цирк және танымдық бөлімі ауданымызда өтті. Өңіріміздің барлық

аудандары мен қалаларынан келген цирк өнерінің майталмандары аудан сахнасында

өнер көрсетті. Қазылдар алқасының төрайымы, облыстық Мәдениет басқармасының

басшысы Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева өз сөзінде: «Байқаудың цирк өнері кезеңін

өткізу үшін Бұланды  ауданын

таңдауымыздың өзіндік мәні бар. Себебеі, Бұланды қазақта алғаш цирк өнерінің

негізін қалаған даңықты жерлесіміз Балуан Шолақ жатқан жер»,-деп атап өтті өз

сөзінде. Үміткерлердің барлығы әр аудан, қалаларының намысын ту етіп келген соң

болар сайыс тартысты өтті. Байқау жайлы толық ақпаратты газетіміздің келесі

санынан оқи аласыздар.

Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст