Менің Республикам — менің Қазақстаным!

19.10.2026

 

Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі — Республика күні қарсаңында 3-сыныпта «Менің Республикам — менің Қазақстаным!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, туған Отанына деген мақтаныш сезімін арттыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, өз қолдарымен мерекелік аппликациялар жасады. Шығармашылық жұмыстарында туған өлкенің әсемдігі мен еліміздің рәміздерін бейнеледі. Әрбір жұмыс балалардың Қазақстанға деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісіне айналды.

Осындай іс-шаралар оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке, өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Туған Отанымыз әрдайым бейбіт, гүлденген және бақытты болсын! Республика күні құтты болсын, Қазақстан! 

Просмотров: 192


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу