19.11.2025
7-сынып оқушылары сыбайлас жемқорлық мәселесіне арналған ақпараттық буклет дайындады. Бұл жұмыстың мақсаты — оқушылардың сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның себептері мен салдары туралы білімін кеңейту, сондай-ақ бұл жағымсыз құбылыспен күресудің маңыздылығын түсіндіре отырып, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды. Буклетте сыбайлас жемқорлықтың қоғамға қалай әсер ететіні, оның қандай түрлері болатыны және әрбір азаматтың адал, жауапты болып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуының не үшін маңызды екені туралы мазмұнды әрі түсінікті ақпарат берілген. Дайындалған жұмыс оқушыларға сыбайлас жемқорлықпен күрес әрқайсымыздан — біздің іс-әрекеттерімізден, ұстанымдарымыздан және таңдауымыздан басталатынын ұғынуға көмектеседі. Буклет дайындау — оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы және әділ, адал қоғамға деген ұмтылысты нығайтудағы маңызды қадам болды.