«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Аққайын ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа села Аккайин отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назар аударыңыздар! 2021 жылғы 16 – 30 сәуір аралығында «Bilimland төңкерілген сыныбы» республикалық байқауы

20.04.2021

«Bilimland төңкерілген сыныбы» республикалық байқауы туралы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Назар аударыңыздар!  2021 жылғы 16 – 30 сәуір аралығында «Bilimland төңкерілген сыныбы» республикалық байқауы өтеді. Бұл байқау «төңкерілген сынып» әдісін қолданушыларға арналған.

«Төңкерілген сынып (Flipped Classroom)» дегеніміз не?

Бұл – мұғалім үйде оқуға арналған оқу материалын ұсынатын (OnlineMektep.org білім беру платформасын қолданып) және сыныпта оқушылардың білімін бекітуге тырысатын аралас оқыту моделі. Оқытудың мұндай әдісін бірнеше жыл бұрын Джонатан Бергман мен Аарон Самс ойлап тапқан. Кез келген жастағы: бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына бірдей қолдана алатын бұл модельге уақыт өте келе мұғалімдердің көбі қызығушылық таныта бастады.

Бұл әдісті дәстүрлі сабақта қолдануға бола ма?  

Қашықтан оқыту білім саласындағы бірнеше жыл бойы қордаланған жетістіктердің іске асуын жылдамдатты. «Төңкерілген сыныптың» үлкен артықшылығы – балалар сабаққа дайындалып келеді. Оқушылардың сабақ тақырыбына қатысты материалдарды үйде емін-еркін, асықпай оқып, күрделі тұстарына тоқталып, егжей-тегжейлі пысықтап, зерттеу объектісі туралы түсінік қалыптастырып алуына мүмкіндік болады.

Байқау шарттары:

  1. Байқауға қатысушылардың барлығы OnlineMektep.org немесе BilimLand білім беру платформаларының қолданушысы болуы қажет.
  2. «Төңкерілген сынып» әдісімен өткізген сабағы жайлы видео түсіруі қажет.
  3. Байқауға қатысушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына #BilimLand2021 хэштегін белгілеп, видеоны жариялауы қажет.
  4. Байқау өтетін мерзімде қатысушылардың Instagram парақшалары ашық болуы қажет.
  5. Байқауға қатысушылар Instagram-дағы @bilimland.kz парақшасына жазылуы қажет.
  6. Байқауға жолданған жұмыс OnlineMektep/BilimLand ресурсымен дәстүрлі/аралас оқыту кезінде «төңкерілген сынып» әдісін қолдануға қатысты болуы қажет.

Жеңімпаздарды анықтау: 2021 жылғы 5 мамыр.

Бағалау критерийлері: ұйымдастырушылар байқауға қатысатын жұмыстарды видеоның сапасы, жұмыстың ерекшелігі және көрнекілігі бойынша бағалайды.

Байқаудың жүлде қоры:

І орын – 1 000 000 теңге,

ІІ орын – 700 000 теңге,

ІІІ орын – 300 000 теңге.

Байқау Instagram әлеуметтік желісінде және OnlineMektep платформасында онлайн форматта өткізіледі.

Видеоға қатысты ұсынымдар:

  1. видеоны сыныпта, оқушылардың ортасында түсіру;
  2. OnlineMektep платформасын қолданып, «төңкерілген сынып» әдісімен өткізілген онлайн-сабақтың видеосы;
  3. «төңкерілген сынып» әдісін қолдануға қатысты өз тәжірибесін бөлісу.

 

 

Просмотров: 272


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст