"Аққайың ауылының орта мектебінде" республикалық "Ақ бота" олимпиадасы өтті. Олимпиадаға мектебіміздің әртүрлі сыныптарынан 20 оқушы қатысып, математика мен жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтарын танытты.
Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін тереңдету. "Ақ бота" олимпиадасы дәстүрлі түрде оқушыларға өздерін танытуға және білімдерін сынауға үлкен мүмкіндік береді.
Олимпиада нәтижелері 2024 жылғы 2 желтоқсаннан бастап жарияланады. Әрбір қатысушы өз нәтижесін games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинеттен қарай алады.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз! Білімге деген ұмтылыс пен жетістіктерге жету болашақ жеңістердің кепілі болсын!