«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Аққайын ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа села Аккайин отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп Президентін сайлау

14.10.2024

Мектеп Президентін сайлау жылына бір рет, оқу жылының басында өткізіледі.
Мектеп Президентін сайлау оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы тарапынан қыркүйектің үшінші онкүндігінде, қазіргі Президенттің қызметі туралы есебінен кейін жарияланады. Хабарландыру мектептің сайтында жарияланады.

Мектеп Президенті болып осы Ережеге сәйкес сайланған 6-9 сынып оқушысы бола алады.
Президент бір жыл мерзімге сайланады. Президенттің өкілеттігі жаңа Президент сайланғаннан кейін тоқтатылады.

Президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату:

  • осы мектепте оқуын тоқтатуына,
  • жеке өтініші бойынша,
  • мектеп Жарғысы мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы Жарғысын бұзуына байланысты жүзеге асырылады.

Президенттікке үміткерлерді ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күннен бастап басталып, 7 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Сыныптардан ұсынылған Президенттікке үміткерлерді бекіту туралы шешім әр сынып оқушыларының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Қабылданған шешім мектеп сайлау комиссиясына ұсынылады.

Президенттікке үміткер өз кандидатурасын тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанда алып тастай алады. Бұл үшін мектеп сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беруі қажет.

Сайланған Президент деп келесі жағдайларда үміткер танылады:

  1. дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астамының даусын жинаған үміткер;
  2. екінші турда басқа үміткерге қарағанда көп дауыс жинаған үміткер.
Просмотров: 1397

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст